• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Қыркүйек, 2020

Қоғамдық бақылау жүргізетін ұйымдар тізімін ұлғайту керек – министр

167 рет
көрсетілді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қоғамдық бақылау жүргізетін ұйымдардың тізімін кеңейту керектігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Пандемия кезінде қоғамдық бақылау институтының қаншалықты маңызды екеніне көзіміз жетті. Қазіргі таңда қоғамдық бақылау функциясына қоғамдық кеңестер ие. Алайда уақыттың өзі бұл функцияға ие ұйымдардың тізімін кеңейту керектігін көрсетіп отыр. Себебі біздің Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қоғамдық бақылау функциясын міндетіне алған белсенділердің жұмысының үйлестірушісі болды. Дәріханадардағы дәрі-дәрмек бағасының ала-құлалығы, гуманитарлық көмекті бөлу мәселесі, медициналық ұйымдардың жұмысына қатысты қаншама мәселе туындағанын білесіздер. Міне осы ретте біз белсенділерге қолдау білдірдік", деді Аида Балаева Президенттік кадрлық резервтегі жастармен кездесу барысында.

Министр өзінің кеңесшісі Лима Диас осы жұмыстардың үйлестірушісі болғанын, бүгінге дейін бүкіл республикадағы 300-ге тарта белсенді азамат жұмыс жүргізгенін айтады.

"Белсенді азаматтар дәрі-дәрмек бағасының тұрақтылығы, гуманитарлық көмекті бөлу, медициналық ұйымдардың жұмысы секілді үш мәселені назарға алған еді. Қоғамдық бақылаудың арқасында осы бағыттағы жұмысты тұрақтандыруға мүмкіндік алдық", деді ол.

Еске сала кетсек бүгін елордада Президенттік кадрлық резервтегі жастар бірқатар министрмен кездесу өткізді. Нақтырақ айтқанда іріктеліп, резервке енген жастармен кездесуге Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Цифрлық даму, инновациялар мен аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Мәлік Мырзалин, сондай Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин шақырылған. Басқосудың басты мақсаты – Президент Жолдауын талқылап, алдағы уақытта Президенттік жастар кадрлық резервін дамытып,жүзеге асыруды жоспарлау.