Бахрейн Израильмен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру туралы келісім жасасатын төртінші араб елі болады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
АҚШ, Бахрейн және Израильдің бірлескен мәлімдемесіне сәйкес, келісім АҚШ президенті Дональд Трамптың Беньямин Натаньяху және Бахрейн Королі Хамад бин Иса Әл-Халифамен осы жұмада келіссөздерінің нәтижесі болды.
Д. Трамп бұл келісімді "тарихи серпіліс" деп атады, ал Бахрейн Египет, Иордания және БАӘ-ден кейін Израильмен осындай келісім жасасқан төртінші араб елі болады. БАӘ Бахрейн мен Израильдің қарым-қатынас орнату туралы шешімін құптады, олар бұл аймақтағы және бүкіл әлемдегі бейбітшілік пен ынтымақтастыққа оң әсер етеді деп үміттенеді.
"Бұл - қауіпсіздік пен өркендеу дәуіріне елеулі қадам, сондай-ақ экономикалық, мәдени, ғылыми және дипломатиялық ынтымақтастық саласын кеңейтеді", делінген БАӘ Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.
15 қыркүйекте БАӘ мен Израиль қатынастарды қалыпқа келтіру туралы келісімге қол қояды. Дәл сол күні Бахрейн мен Израиль келісіміне де қол қойылады.