Батыс Қазақстан облысында Армениядан әкелінген мыңнан астам автокөлік тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, күні бүгінге дейін 1060 автокөлік иесіне сары нөмір берілді.
Соның ішінде 40-ы өзге өңір азаматтарының атына тіркелді. 68 автокөліктің рульдік басқару құралы қайта жабдықталды.
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 2 қыркүйектегі №553 қаулысына сәйкес 20 мамырдағы №306 қаулыға өзгерістер енгізілді.
Енді азаматтар Армениядан биылғы 1 ақпанға дейін әкелінген сол жақтан басқарылатын автокөліктерін 2021 жылғы 1 наурызға дейін тіркей алады.