• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Қыркүйек, 2020

Еуропалықтар коронавирусқа байланысты қыста да маска киеді

154 рет
көрсетілді

Францияда жұма күні коронавирустың 9406 жаңа жағдайы анықталды. COVID-19 құрбаны 40 адамға жетті. Елдің Премьер-Министрінің айтуынша, жағдай нашарлап жатыр, ал билік қазір тестілеу зертханаларын, оның ішінде уақытша зертханаларды кеңейтуге басымдық беріп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазір 42 департамент "қызыл" аймақта. Онда жергілікті билік күшейтілген қауіпсіздік шараларын енгізуге, жиналыстарға тыйым салуға және кәсіпорындардың жұмыс режимін түзетуге құқылы.

Австрия да сақтық шараларын күшейтуде. Ел билігі еуропалықтардың қыс бойы маска киюлеріне тура келеді, осылай ғана жаңа "локдаунды" болдырмауға болады деп есептейді олар.