Малидің оңтүстігінде жедел жәрдем көлігі жолға қойылған минаға ұрынып, алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ведомоство өкілінің мәліметіне қарағанда, жедел жәрдем автомобилі Йоросо қаласына аяғы ауыр әйелді әкеле жатқан. Көлікте болған алты жолаушының бәрі де опат болды. Болған оқиға үшін жауаптылар әзірге анықталған жоқ.