• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 12 Қыркүйек, 2020

17 өңірдің Білім басқармаларының басшылары жеке телефон нөмірін жариялады

185 рет
көрсетілді

Білім басқармаларының басшылары министр Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша өз телефон нөмірлерін жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

"Әрбір білім бөлімінің немесе білім басқармасының басшысы туындаған мәселелерді өз деңгейінде уақытылы және сапалы шешуі қажет. Өңірдегі салаға қатысты барлық жағдайдан хабардар болып, халықтың сұрағына дер кезінде жауап беруі тиіс. Сондықтан басшылардың барлығына өз WhatsApp нөмірлерін жариялап, келіп түскен сұрақтар мен туындаған мәселелер бойынша шешімдерді шұғыл қабылдау тапсырылды", деп жазды А.Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында.