Қызылорда облысында тұрғын үй ауласында тұрған "ГАЗель" автокөлігі толығымен жанып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оқиға Шиелі кентінде 12 қыркүйек күні сағат 21.57-де тіркелді. Жергілікті өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне аудан орталығындағы Қажымұқан көшесіндегі тұрғын үйдің жанында автокөлік өртеніп жатқаны жөнінде хабар келіп түскен.
"Оқиға орнына аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен арнайы 4 маман барды. Сол кезде тұрғын үй ауласында "ГАЗель" автокөлігі өртеніп жатқан. Автокөлікке газ қондырғысы орнатылғаны белгілі болды. Өрт сағат 22.20-да толығымен сөндірілді", деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Нұрманова.
Өрттің шығу себебі мен одан келген шығын көлемі есептелуде