• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қыркүйек, 2020

Азық-түлік дүкенін өртеген ер адам ұсталды

196 рет
көрсетілді

Шымкент полицейлері қала тұрғынының азық-түлік дүкенін өртеп жіберген азаматты ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға 7 қыркүйекте, түнгі уақытта орын алған. Белгісіз адам жәбірленушінің дүкенін арнайы затпен өртеп жіберіп, қылмыс орнынан бой тасалаған.

Өрт нәтижесінде дүкен иесіне екі миллион теңге материалдық шығын келтірілді. Осы факті бойынша Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 202-бабының 2-бөлігімен (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Өткізілген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында іс бойынша күдікті анықталып, полицияға жеткізілді.