• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қыркүйек, 2020

БҚО-да көлік апатынан 3 бала зардап шекті

125 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында жеңіл автокөлік жүк көлігімен соқтығысып, төрт адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 12 қыркүйек күні сағат 21.00-де Орал-Атырау жолының 50-шақырымында Ақжайық ауданы аумағында болды.

"ВАЗ-2109" автокөлігі "MAN" жүк көлігімен соқтығысқан. Оқиға орнына трассалық медициналық-құтқару бекетінің қызметкерлері барып, төрт адам құтқарылды.

Олардың біреуі 34 жастағы әйел болса, қалғандары – 15, 10 және 8 жасар балалар. Бәрі де Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.