• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қыркүйек, 2020

Шымкент тұрғынынан алаяқтықпен ақша алған адам ұсталды

332 рет
көрсетілді

Шымкенттік тәртіп сақшылары қала тұрғынынан алаяқтық жолмен ақша алған адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қала тұрғыны ғаламтор желісінде жарнама қосымшасы арқылы "Н" есімді азаматпен үйіне жиһаз жасап беруі туралы келіскен.

Азамат жұмысы үшін алдын ала 100 мың теңге ақшасын алып, уәдесін орындамай кеткен. Болған оқиға туралы айтып, қала тұрғыны Еңбекші ауданының Полиция басқармасына шағымданды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.  Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іс-шара барысында күдікті азамат анықталып, жеткізілді.