Санкт-Петербург билігі COVID-19-бен күрес үшін қосымша стационарлар ашуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Семашко атындағы № 38 көпбейінді аурухана инфекциялық стационар қызметін атқаруға көшіпті. Бұл жайында Санкт-Петербург денсаулық сақтау комитетінің баспасөз қызметі хабарлаған.
REGNUM агенттігі аталған клиниканың осымен екінші рет өз бейінін өзгертіп отырғанын жазады. Алғашында аурухана қабырғасында 1550 пациент емделіп шығып, өз қалыпты жағдайдағы қызметіне қайта оралған мекеме егер қажет болса қайтадан инфекциялық стационарға ауысу мүмкіндігін ескерген. Сол уақыт туды, клиника екінші рет SARS-CoV-2 күреске жұмылды, дейді.
Ресей Федерациясының құрамындағы өзге аймақтар ішінен індет таралуында Нева бойындағы әсем қала алдыңғы орынға шығып, өткен тәулікте 23 пациент өмірмен қоштасыпты. Жалпы Петербург бойынша КВИ-ден ажал құшқандар саны 2630 адам болып, өлім көрсеткіші жөнінен Мәскеу ғана алдында тұр.