• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 14 Қыркүйек, 2020

Коронавирус жұқтырғандар күрт көбейді

1265 рет
көрсетілді

Сенбіде Франция бойынша COVID-19 жұқтырған 10 мың адам тіркелді. Бұл коронавирус пандемиясы басталғалы бері ең үлкен көрсеткіш болып отыр. Үкімет бір тәулікте осынша адамның вирус жұқтырғаны алаңдататын жағдай екенін мәлімдеді.

Сенбідегі ресми дерек бойынша, елде 10 561 науқас тіркелген, ал бір күн бұрын, яғни жұмада статистика 9 406 адамның вирус жұқтырғанын көрсетті. 17 адамның вирустан көз жұмғаны мәлім болды. Осылайша, барлығы 30 910 Франция азаматы вирус­тан қайтыс болды.

Медицина қызметкерлері мұны халықтың демалыстан жаппай оралуымен, мектептердің қайта ашылуымен байланыстырады. Премьер-министр Жан Кастекс коронавирус пандемиясына қатысты жағдайдың ушығып жатқанын, статистика вирустың әлі айлар бойы «мазалайтынын» көрсетіп отырғанын хабарлады. Осыдан біраз уақыт бұрын еуропалықтар өз қалаларында шектеулерге қарсылығын білдіріп, алаңдарға жиналған-ды. Нәтижесінде, Франция үкіметі жаппай карантин жарияламай, әлеуметтік қашықтық сақтау мен бетперде киюді міндеттеумен шектелді. Соңғы хабарлардан кейін де Франция үкіметі тарапынан қандай да бір шектеу не жаңа жоспардың қолға алынғаны туралы айтылған жоқ.