• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Технология 14 Қыркүйек, 2020

Қазақстандағы Индустрия 4.0 ұзаққа созылатын пандемияға дайын ба?

263 рет
көрсетілді

Қазіргі таңда өнеркәсіптік кәсіпорындардың көпшілігі Индустрия 4.0 технологияларын толық көлемде енгізу жөніндегі жобаларды қолға алған, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Негізінен, бұл жобалар өткен кезеңде бекітілді және 2020 жылға жоспарланған жобалар орындалады. 2022-2025 жылдарға арналған жобалар бойынша түзетулер енгізілуі мүмкін.

Пандемия тек қашықтан байланыс орнатуға және адамның ең аз қатысуымен өндірістік процестерді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін Индустрия 4.0 технологиясын енгізуді тездетті. Жалпы алғанда, көп нәрсе белгілі бір дәрежеде дамыған салаларға байланысты болады. Цифрланбаған өндіріс процестерінің үлкен үлесі тән салаларға соққы үлкен болады.

Индустрия 4.0 технологияларын енгізуден түсетін пайдаға қатысты осы технологиялар қысқа мерзімде өндірісті қашықтағы режимге қайта бағдарлауға және тіпті жаңа өндірісті: қорғаныс экрандары мен ӨЖЖ (өкпені жасанды желдету) аппараттарына қосалқы бөлшектерді өрістетуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар үлкен деректерді талдау, сенсорлар және телематика сияқты технологиялар операциялық жұмыстарды мүмкіндігінше тез әрі тиімді жүргізуге және қашықтан қол жеткізу арқылы өндіріс процестеріне уақытылы жауап беруге және түзетулер енгізуге мүмкіндік береді. Осылайша, Индустрия 4.0 технологиялары пандемия кезінде өндірісті тоқтатпауға және өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді, соның нәтижесінде ел экономикасы оңтайлы деңгейде сақталады.