• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Қыркүйек, 2020

Ж.Бекшин тұмаудан сақтану шараларын ескертті

1183 рет
көрсетілді

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ЖРВИ, тұмаудың алдын алу және 2020-2021 жылдардағы эпидемиологиялық кезеңге дайындық барысымен таныстырған Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ж.Бекшин 15 қыркүйектен бастап алматалықтарға тұмауға қарсы екпе салуға байланысты мәліметтермен бөлісті.

Қаладағы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақты екендігін баяндап өткен Ж.Бекшин "Өткен аптадағы мәліметтер бойынша қалада жұпалы респираторлы вирустық инфекция жұқтарығандар саны – 1219. Көрсеткіш оның алдыңғы аптамен салыстырғанда 25 пайызға төмен. Алайда, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ауру белгілері 21 пайызға жоғары болып отыр. Вирус жұқтырғандардың 62 пайызын балалар құрайды", деп атап өтті.

Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша алдағы күз-қыс маусымында тұмаудың екі A типті Гуандонг-Муанон (H1N1) pdm09 және Гонконг (H3N2), B типті Washington Линия Виктория және Пхукет Линия Ямагата штамдары айналымда болады.  Бұл штамдардың алғашқы 3 антигені елімізде егілетін Грипол+ вакцинасының құрамында бар.

Жыл сайын эпидемиологиялық маусымның алдында республика көлемінде, соның ішінде  Алматы қаласында тұмауға қарсы тегін екпе медицина қызметкерлері, балалар үйінің, мектеп-интернаттағы балалар,  иммун жетіспеушілігі, әлсіз және жиі ауыратын жасы  6 айдан асқан балалар, қарттар және мүгедектер үйіндегі контингеттер, 2-3-ші трим естрдағы жүкті әйелдерге салынады.

Ж.Бекшиннің айтуынша, биыл жергілікті  әкімшіліктің қаражатына  130 000 доза көлемінде үш валентті Ресейде өндірілген Гриппол плюс  вакцинасы сатып алынған.  Вакцина салынғаннан кейін иммунитет 14 күннен кейін қалыптасып, тұмау маусымының аяғына дейін өз күшінде болады. Өткен жылы жергілікті бюджет есебінен 100 000 доза Гриппол Плюс вакцинасы (Ресей Федерациясында өндірілген) сатып алынса, биыл 430 мың  доза алу жоспарналып отыр. Былтырғы жылы қала тұрғындарының 10,3 пайызы (200747), оның ішінде 100 000 адам, яғни "тәуекел тобына" жататындар жергілікті бюджет есебінен, 93 633 мың адам жұмыс берушілер есебінен, 7114-і ақылы негізде жекеменшік медициналық орталықтарда вакцина салдырған. Биылғы жылы да қаладағы жеке меншік медициналық орталықтарында өз есебінен және  әртүрлі салаларда еңбек ететіндер жұмыс берушінің есебінен екпе салдыратын болады.

"Қала тұрғындары арасында ЖРВИ, тұмаудың алдын алу және эпидемиологиялық жағдайды қалыптастыру мақсатында ұйымдастыру, әдістемелік көмек көрсету жұмыстары қолға алынған. Департамент пен Алматы қоғамдық денсаулық басқармасының бірлескен бұйрығы аясында және денсаулық сақтау мен білім беру ұйымымен  бірлесе ведомствааралық кешенді жұмыс жоспары дайындалды. Емханаларда дене қызуы көтерілгендер жеке қабылдауда болса,  жүкті әйелдерді бақылау күшейтіледі. ЖРВИ, тұмаумен ауырғандардан қоңырау қабылдау үшін 116 телефоны және үй жағдайында медициналық қызмет көрсетуге 92 автокөлік бөлінді. Ауруханаларда науқастарды емдеу үшін 485 қосымша орын бөлінді. Қаладағы медицина ұйымдары мен дәріханалар бір реткі бетперде, залалсыздандыру, тұмауға қарсы препараттардың керекті қорымен қамтамасыз етілген. Алматы қаласы бойынша Ұлттық сараптама орталығының  филиалы зертханалық тексеру жүргізуге тест жүйелерімен жабдықталды. Балалар ұйымдарында және мектептерде науқастарды дер кезінде анықтау үшін таңертеңгілік фильтрлердің жұмысы күшейтілді", деп атап өтті Ж.Бекшин.

Ал тұмау жұқтырған жағдайда ата-аналар балаларын бала-бақшаға, мектепке жібермеуі керек.

Маусым кезінде тұмаудан сақтану үшін  дәрігердің рұқсатымен  вирусқа қарсы жақпамайларды (оксалин, антивир және басқалары), поливитаминдерді, сонымен қатар иммунитетті көтеретін ақуыз, витаминдерге және минералды заттарға бай пияз, сарымсақ, сондай ақ табиғи фитонцидтер, шөптер, қарақат, итмұрын яиықты өнімдерді қолдану қажет, деп атап өткен Ж.Бекшин осы кезеңде әлеуметтік ара қашықтықты сақтауды, науқас адамдармен қарым-қатынасты шектеу мен адамдар көп жиналатын жерлерге бармауды ескертті. Сонымен бірге маусымға сай киіну, бетперде, дезинфекциялық құралдарды пайдалану, қолды жиі жуу сақтық шаралары ад аса қажет.