• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
02 Қараша, 2013

Ықпалдастыққа ұмтылыс

267 рет
көрсетілді

Варшавада Қазақ-поляк ынтымақтастығы мен даму кеңесінің аясында ЭКСПО-2017 жобасының тұсаукесері өтті

Польшаға жасаған сапарының аясында Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, ЭКСПО комиссары Рәпіл Жошыбаев Қазақ-поляк ынтымақтастығы мен даму кеңесінің ІІІ отырысына қатысты және оның шеңберінде Астанадағы жаһандық көрме жобасы бойынша арнайы тұсаукесер өткізіп, поляк компанияларын оған белсенді атсалысуға шақырды.

Варшавада Қазақ-поляк ынтымақтастығы мен даму кеңесінің аясында ЭКСПО-2017 жобасының тұсаукесері өтті

Польшаға жасаған сапарының аясында Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, ЭКСПО комиссары Рәпіл Жошыбаев Қазақ-поляк ынтымақтастығы мен даму кеңесінің ІІІ отырысына қатысты және оның шеңберінде Астанадағы жаһандық көрме жобасы бойынша арнайы тұсаукесер өткізіп, поляк компанияларын оған белсенді атсалысуға шақырды.

Қазақстанның Варшавадағы елшілігінің бастамасымен құ­рылған Кеңес екі жақтан ын­ты­мақтастықты дамытуға мүдделі биз­несмендер мен саясаткерлер­ді біріктіреді. «Осындай іс-ша­раларды өткізу екі ел арасында өзара тиімді іскерлік байланыстардың кеңеюіне қолайлы жағдай туғызып, іскерлік ынтымақтастығымыздың келешекке бағытталған «жол картасын» әзірлеуге жол ашатынына сенімдімін», деді Кеңес отырысының ашылуында Р.Жошыбаев.

Іс-шараға қатысушылар екі­ жақтың мемлекеттік органдары мен іскерлік қауымдас­тық­тарының қатысуымен серіктестік байланыстарды нығайту жолдары бойынша пікір алмасты. Осы орайда, ерекше назар өңіраралық ынтымақтастықты дамыту жобаларына аударылып, ал 2014 жылы Қазақстан-Польша өңірлер форумын ұйымдастыру оған ерекше демеу бола алады деген пікірлер айтылды.

Поляк инвестицияларын тар­туға жағдай жасау мақсатында Кеңес жұмысына қатысқан Ба­тыс Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстары әкім­дерінің орынбасарлары поль­шалық әріптестерін және бизнес өкілдерін өз өңірлерінің эко­номикалық әлеуетімен таныс­тырды. «Іскерлік қауымдас­тық­тарымыздың бірлескен жұ­мысы Қазақстан мен Польша арасындағы өзара тиімді инвес­ти­циялық-технологиялық ын­ты­мақтастықтың кеңеюі мен әріптестік тұғырнамасының қалыптасуына негіз қалайды», деді осы орайда Қазақстанның Польшадағы Төтенше және өкілетті елшісі Ерік Өтембаев.

Кеңес шеңберінде қазақстан­дық рынокта фармацевтика, «жасыл» технологиялар, машина жасау, құрылыс материалдарын өндіру салаларында жұмыс істейтін поляк фирмалары жобаларының тұсаукесерлері ұйымдастырылды. Сонымен бірге, Кеңес мәжілісінде жинал­ғандардың назарына Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне дайын­дық бағдарламасы ұсынылды. Тұ­саукесер қорытындысында поляк компаниялары алдағы іс-шараға үлкен қызығушылық танытты.

ЭКСПО тақырыбы, сондай-ақ, Р.Жошыбаевтың Польша Республикасының Спорт және туризм министрі Иоанна Мучамен болған кездесу барысында да талқыланды.

Сонымен қатар, Польша астанасында Р.Жошыбаев Варшава қаласының Дағдарыстық басқару орталығының жұмысымен танысып, аталған сипаттағы құрылымдардың ЭКСПО сияқты үлкен іс-шаралар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ерекше өзекті екендігін атап өтті.

Сәулебек БІРЖАН.

Соңғы жаңалықтар