• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Экология 15 Қыркүйек, 2020

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

1103 рет
көрсетілді

Бүгін республиканың басым бөлігіне Карск аймақтарынан келетін циклон әсер етеді. Соның салдарынан найзағай, жаңбыр, солтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың кей жерінде екпінді жел, дауыл, бұршақ болжанады. Түнде және таңғы уақытта еліміздің солтүстік-батысында және қиыр солтүстігінде тұман күтіледі. Қазақстанның оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз күн райы сақталады.

Атап айтқанда, Қостанай облысының кей жерінде тұман, дауыл, бұршақ күтіледі, желдің екпіні күндіз 25 м/с күшейеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында таңертең және күндіз кей жерде дауыл тұрып, желдің күші 25 м/с дейін артуы мүмкін, Бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қарағанды облысының кей жерінде дауыл, бұршақ, күші күндіз 23 м/с дейін жететін жел болжанады.

Ақтөбе облысының кей жерінде дауыл тұрып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысында күндіз жел 15-20, кей жерлерде 23 м/с күшейеді, кей жерде шаңды дауыл күтіледі.

Күндіз Алматы, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде, Павлодар облысының батысында жел 15-20 м/с артады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында таңертең және күндіз дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Қарағанды, Түркістан облыстарының кей жерінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.