• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
02 Қараша, 2013

Ақынмен сырласу

510 рет
көрсетілді

Алматыда жақында ғана құрыл­ған Орталық Азия универ­сите­тінде филология ғылым­­­дары­ның докторы Г.С.Балта­баева жетекшілік ететін «Күлтегін» рес­публикалық әдеби-тарихи таным­дық, этнографиялық және өнер бірлестігінің ұйым­дасты­руымен өткен ақын Қасымхан Бегмановпен кездесу кеші студенттерге зор әсер сыйлады.

Сұрақ-жауап форматында өткен кездесуде жастардың поэзияға қатты қызығатыны, ақындар шығармашылығынан жақсы таныс екендіктері байқалды. Өзінің кезінде Қазақ политехникалық институтында студент болғандығын еске алған ақын шығармашылық жолды таңдауына институттағы ұстазы Лұқпан Сыдықовтың, ол ашқан «Қызғалдақ» әдеби бірлестігінің ықпалы зор болған­дығын тебірене ортаға салды.

«Мұстафадай ер, Кенесарыдай хан қайда?» деген шалдардың әңгімесін естіп өскен ақын, Алаш­ордашылардың арасынан Мұстафа өмірін зерттеу үшін Мұстафа жүрген жолдармен өтуді жоспарлайды. Зерттеудің нәти­жесінде «Мұстафа Шоқай жолымен» атты деректі фильм дүниеге келді. 2011 жылы ол «Жыл­дың ең үздік деректі фильмі» аталымында жеңімпаз деп танылды.

Әнші, сазгер Бауыржан Өс­кен­беков, «Жебе» тобы, Шаба, Еркебұлан Кәкімов, Ес­қара Қазыбек, Алтынбай Айма­ған­бетов, Динара Намиялы, Ай­да­на Тілеубергенова сияқты жас өнер­паздар Қасымхан ағала­ры­ның сөзіне жазылған әндерді шыр­­қады.

Айдана ҚУАНТХАНОВА.

Соңғы жаңалықтар