• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Қыркүйек, 2020

Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге аукцион өткізілді

501 рет
көрсетілді

11 қыркүйекте Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен Қазақстан Республикасы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің 278 бабының 6 тармағына сәйкес 2020 жылдың 25 мамырдан бастап 2020 жылдың 25 маусымға дейін келіп түскен өтініштерді қарау нәтижесінде сол бір блок (блоктар) лицензияны беруден бас тарту туралы шешім қабылданбаған бірнеше өтініштерге енгізілгені анықталуына байланысты, жер қойнауын пайдалану құқығын беруге аукцион өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аукцион қорытындыларына сәйкес 15 лот бойынша (15 жер қойнауы учаскесі бойынша) қол қою бонусының сомасы 5 475 389 000 теңге болды.

4 900 000 000 теңге мөлшеріндегі ең үлкен қол қою бонусы Шығыс Қазақстан облысындағы Жарма ауданында орналасқан 5 (11 ш.км.) блокқа ұсынылды.