• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Қыркүйек, 2020

Шымкентте коронавирусқа қарсы медициналық ұйымдардың оқу-жаттығуы өтіп жатыр

175 рет
көрсетілді

Шымкент қаласының аумағында осы жылдың 15 қыркүйегінде COVID-19 және вирустық пневмонияның ықтимал өршуіне медициналық ұйымдардың дайындығын анықтау бойынша оқу-жаттығу  өткізіледі. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сондай-ақ Шыңғыс Жұмабекұлы "112" құтқару қызметінің жұмысымен де танысты. Оқу жаттығу  жұмыстары нақты уақыт режимінде өтеді. Оқу-жаттығудың мақсаты - қаланың барлық медициналық ұйымдарын коронавирустық инфекциямен күреске барынша дайындығын пысықтау.   Іс-шараға инфекциялық және провизорлық стационарлармен қатар меншік нысанына қарамастан барлық БСМК (бастапқы медициналық санитарлық көмек) ұйымдары қатысады. Оқу-жаттығу жұмыстары  36 БМСК ұйымы, 9 диагностикалық орталық, 7 ПТР зертханасы жұмылдырылды.   Оқу-жаттығу барысында науқастың  шақыртуының  "103" пультіне түскен сәтінен  бастап, тиісті белгілері болған жағдайда  стациорнарға жатқызуға дейінгі  бағытының бастан аяқ алгоритіміне баса назар аударылды.     Оқу-жаттығу кезінде жедел медициналық көмек  шақыртуының  4 санаты бойынша медициналық персоналдың іс-қимыл алгоритмдері пысықталады.    Сондай-ақ медициналық персоналға шартты науқастардың жай-күйінің ауырлығын анықтау, коронавирустық инфекция кезінде сақтану шаралары бойынша бағалау жүргізіліп, медициналық персоналды қорғаудың барлық шараларын сақтай отырып, провизорлық стационарға тасымалдану жолдары  пысықталады.   Сонымен қатар оқу-жаттығу барысында емханалардың мобильді бригадаларының іс-әрекеттері және қажет болған жағдайда пациентті компьютерлік томографияны тексеруге жіберу, ПТР талдауды алу бойынша дайындық жұмыстары жүргізіледі. Мұндай оқу-жаттығулар тұрақты түрде өткізілмек.