Астанадағы Қазақ гуманитарлық заң университетінде «Мәңгілік ел» пікір-сайыс турнирі болып өтті. Екі күнге созылған сөз сайысына еліміздің 14 аймағынан 44 команда, яғни 100-ден аса студенттер мен оқушылар қатысты.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі «Парасат» және Қазақ гуманитарлық заң университетінің «Орда» пікір-сайыс клубтары «Қазақстан жас депутаттарының ассоциациясымен» бірігіп ұйымдастырған іс-шараға Білім және ғылым министрлігі қолдау көрсетті.

БПФ (Британ Парламенттік форматы) және үздік ойыншыны анықтайтын ЛД (Линкольн-Дуглос) форматында өткізілген пікірсайыс барысында жастар «Мәңгілік ел» болудың жолдарын қарастыратын мемлекеттік тілді игеру, жоғары оқу орындары бітірушілерін жұмысқа орналастыру сияқты актуалды қарарлар ұсынылып, терең талқыланды. «Мәңгілік ел» тақырыбына әр жастың өз пікірі бар. Осы пікірлерін ортаға салып, ұстанымдарын айтуда. Соңында салмақты ұсыныс-пікірлер іріктеліп, біз оны жастар саясатын қалыптастыру жұмысымызда қолданатын боламыз», – деді Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов.
Төрешілерге өте тартысты өткен сайыстың үздіктерін анықтау оңайға түскен жоқ. Десек те, жоғары дәрежеде ойын өрнегін көрсеткен астаналық «Оратор мен Диктатор» командасы, Бекарыстан Аманжолов пен Нұртілеу Амангелді жеңімпаз деп танылып, І орын кубогы пен ноутбукке ие болды. ІІ орын Тараз қаласынан келген «Команда А» фракциясы – Мейрамбек Ербатыров пен Айгүл Әскербековаға бұйырды. Қарағанды қаласының өкілдері «Ескі гвардия» фракциясы – Данияр Бибасар мен Абай Отарбаев жүлделі ІІІ орынды еншіледі.
Екі күндік тартысты дода аяқталғаннан кейін барша қатысушылар Астананың көрікті жерлеріне саяхат жасап, көңіл көтерді. Ұйымдастыру деңгейінің жоғарылығы, жүлде қорының қомақтылығы «Мәңгілік ел» турнирінің үлкен дәрежеде өтуіне септігін тигізді.
Абай ТЛЕНШИЕВ,
ЕҰУ журналистика және саясаттану
факультетінің І курс студенті.