• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
02 Қараша, 2013

Әскери ынтымақтастық әлеуеті

325 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков ресми сапармен Ұлыбританияда болды. Лондондағы Корольдік құрметті қарауылдың қатысуымен өткен кездесудің ресми рәсімінен кейін Қазақстан мен Ұлыбритания қорғаныс ведомстволарының басшылары Әділбек Жақсыбеков пен Филипп Хаммонд екіжақты келіссөздер жүргізді.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков ресми сапармен Ұлыбританияда болды. Лондондағы Корольдік құрметті қарауылдың қатысуымен өткен кездесудің ресми рәсімінен кейін Қазақстан мен Ұлыбритания қорғаныс ведомстволарының басшылары Әділбек Жақсыбеков пен Филипп Хаммонд екіжақты келіссөздер жүргізді.

Кездесу кезінде тараптар Қазақстан-Британия әскери және әскери-техникалық ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашақта оны одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

– Ұлыбритания Қазақстанның стратегиялық серіктесі болып табылады, осыған байланысты біз жан-жақты қарым-қатынасқа айрықша мән береміз. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлыбритания Премьер-министрімен арадағы достық қарым-қатынасы дәстүрлі сипат алды, екіжақты байланыстардың қолайлы дамуына мүмкіндік жасады. Биыл жазда Премьер-министр Дэвид Кэмеронның Қазақстанға сапары аталған дәстүрдің дәлелі. Сол сапар келешекте өзара қолайлы ынтымақтастықтың стратегиялық деңгейіне көшуімізді анықтап берді, – деп атап өтті Қазақстан Қорғаныс министрі.

Қазақстан мен Ұлыбритания бітімгерлік пен әскери білім саласында белсенді ынтымақтастықта. Ә.Жақсыбеков пен Ф.Хаммонд екі елдің бітімгерлік бөлімшелерінің бірлескен командалық-штабтық жаттығулары мәселелерін, сондай-ақ, әскери ғылым саласы бойынша өзара қарым-қатынастар жайын талқылады.

Қазақстан армиясы бүгінде кәсіби негізге көшу кезеңінде тұр, бұл істе Британияның бай тәжірибесі бар. Қазақстан Қарулы Күштер қатарына қызметкерлер қабылдаудың әдістерін, кадр сая­сатын жүргізуді, жауынгерлік даярлықты ұйымдастыруды, бюджеттік жоспарлау мен әлеуметтік қамтамасыз ету негіздерін үйренуге мүдделі.

Осы күні Қорғаныс министрлігінде Ә.Жақсыбеков Біріккен Корольдіктің Қарулы күштері Қорғаныс штабының бастығы, генерал Николас Хаугтонмен және Ұлыбритания Қарулы күштері Бас штабының бастығы, генерал Питер Уолмен кездесулер өткізді. Британдық генералитетпен келіссөздің негізгі тақырыбы Ұлыбритания Қарулы күштерінің кәсібилендірілуі болды.

Лондонда қазақстандық әскери делегация Ұлыбританияның Сауда-инвестициялық палатасы (UKTI DCO) мен жерсеріктік байланыс құралдарын өндіру бойынша әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі болып табылатын InMarSat компаниясында болды. Ғаламдық жерсеріктік байланыс жүйесін әзірлеуші және жасаушы болып табылатын «Инмарсат» компаниясы қазіргі уақытта төртінші буынның геостационарлық жерсеріктерін пайдаланады.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар