• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Руханият 16 Қыркүйек, 2020

Данэлия Тулешова America's Got Talent жартылай финалында өнер көрсетті

412 рет
көрсетілді

Данэлия Тулешова America's Got Talent жартылай финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Жартылай финалда Данэлия танымал британдық әнші Jessie J − Who you are әнін орындады.

Данэлия Тулешова NBC телеарнасының ресми сайтына кіріп, оған дауыс беруін өзінің Instagram парақшасында жазды. Алайда АҚШ тұрғындары ғана дауыс бере алады. Себебі елімізде бұл функция қолжетімсіз.

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айының соңында America's Got Talent шоуының ресми арнасында қазақстандық әнші Данэлия Тулешованың қатысуымен алғашқы эпизод пайда болған еді. Онда көрермендер де, қазылар алқасы да жас жұлдыздың дарынына тәнті болып, орындарынан тұрып қол шапалақтады.