Үндістан үкіметінің хабарлауынша, елде коронавирустық инфекцияны жұқтырғандар саны 5 миллионнан асып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz BBC NEWS агентігіне сілтеме жасап.
Елде медициналық ахуалдың күрт нашарлауына байланысты Үндістан АҚШ-тан кейін екінші орында тұр. Қазір қауіпті кеселден 80 мыңнан аса адам көз жұмған. Бірақ өлім-жітім деңгейі басқа елдерге қарағанда төмен.
Коронавирустық инфекцияға шалдығушылардың саны көбейгенімен, ел үкіметі дағдарысқа бой алдырмай, керісінше карантиндік шектеулерді қысқартқан. Сондай-ақ Үндістанда спорттық, дене шынықтыру залдарын қайта ашады. Ал орта және жоғары білім кешендерінің қашан ашыла қоятыны белгісіз.