• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Экономика 17 Қыркүйек, 2020

Қазақстанда бензин бағасы қымбаттады

261 рет
көрсетілді

Биылғы қаңтар-шілде айларында республикада мұнай өнімдерінің жалпы өндірісі 10,2 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9% аз, деп хабарлайды Egemen.kz energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Дегенмен бензин өндірісі жыл басынан бері 2,9 млн тоннаны құрап, бір жыл ішінде 3,3% артты.

Тамыз айында бензин бағасы өткен жылдың тамызымен салыстырғанда 2,4% қымбаттады. Бағаның едәуір қымбаттауы Жамбыл (5,7%) және Алматы (4,3%) облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында (4,2%) тіркелді. АИ-98 маркалы бензин бір жыл ішінде 2,6%, танымал АИ-92 бензині 2,5%, АИ-95/96 маркалы бензин 1,2% қымбаттады. Дизель, керісінше, сәл арзандады – 1,2%.