Әйгілі брендтің мың долларлық маскасы әлеуметтік желіде сынға ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz
Коронавирус індеті − сән әлеміндегі жаңа трендтің атрибутына айналды. Louis Vuitton бренді трендтен қалыс қалмай, 960 доллар тұратын қорғаныс маскасын нарыққа шығарды. Алайда желі қолданушылары масканы шамадан тыс қымбат және вирустан қорғай алмайды деп сынға алды.
LV Shield қорғаныстық маскасы келбетіңізге тек жаңаша бейне бере алады. Бірақ вирустан қорғай алмайды. Брендті қажет болса, қалпақша ретінде де киюге болады дейді бренд иесі. Бүкіл әлем бойынша өнімді 30 қазанда Louis Vuitton дүкендерінен табуға болады.
Twitter қолданушысы LV Shield қорғаныстық маскасын сатып алған адамның не бай, не соншалықты ақымақ болу керектігін алға тартты.
Еске салайық, бұған дейін танымал бренд қымбат маскалардың басқа да нұсқаларын шығарған.