• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Қыркүйек, 2020

Демалыс күндері ауа райы жылы болады

315 рет
көрсетілді

"Қазгидромет" РМК 19-21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Алдағы үш күнде Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі ауа райына антициклон әсер ететін болады. Оның келуімен жауын-шашын біртіндеп тоқтап, температураның көтерілуі күтіледі. Қазақстанның батысына Мәскеу аудандарынан циклон ықпал етеді, ол жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, екпінді жел, дауыл тудырады, бұршақ түсуі мүмкін", делінген хабарламада.