• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Тағайындау 18 Қыркүйек, 2020

Қазақстан Азаматтық Альянсының Президенті тағайындалды

672 рет
көрсетілді

Бану Ганиевна Нұрғазиева Қазақстанның Азаматтық Альянсының Президенті болып сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz

2020 жылдың 17 қыркүйегінде Қазақстанның Азаматтық Альянсы конференциясының кезектен тыс отырысы өтті. Эпидемиялық жағдайды ескере отырып, кездесу онлайн режімінде болды. Конференция нәтижесінде Бану Ғаниқызы Нұрғазиеваны Азаматтық Альянстың Президенті етіп сайлау туралы шешім қабылданды.

Жалпы жұмыс өтілі 39 жыл, соның ішінде мемлекеттік қызмет саласында 28 жыл.

"Құрмет" ордені (2018 ж.), "Ерен еңбегі үшін" медалі (2004 ж.), "Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін" медали (2005 ж.), "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" (2019 ж.), мерейтойлық медальдар ("Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл, 20 жыл, 25 жыл", "Қазақстан Конституциясына 10 жыл, 20 жыл", "Қазақстан Республикасының және оның астанасының дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқаны үшін", "Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқарудың дамуы мен қалыптасуына қосқан елеулі үлесі үшін" Мемлекеттік наградалары бар.