Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты. Оның айтуынша елімізде 35 бала Кавасаки синдромына шалдыққан, деп хабарлайды Egemen.kz
"Кавасакиге ұқсас синдроммен ауырған балалардың саны Қазақстан бойынша - 35. Ал, соңғы 7 күннің ішінде бірде-бірде бір балада Кавасаки синдромы анықталған жоқ. 35 баланың 31-і аман-есен емделіп, үйлеріне қайтты. Қалған 4 бала қазіргі уақытта ем алып жатыр", деді ресми өкіл Орталық коммуникациялар қызметідегі баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, емделіп шыққан 31 бала учаскелік дәрігерлердің бақылауына алынған.
"Олардың әрқайсысын учаскелік дәрігерлер қадағалап, денсаулығын бақылауда ұстап отыр, дедіҚожахметов.