• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
05 Қараша, 2013

Министрлер мәселе шеше алмаса, неге отыр?

260 рет
көрсетілді

ҚАУҚАРСЫЗ ҮКІМЕТ, ӘРЕКЕТСІЗ ӘКІМДЕР

Елбасы сынынан шұғыл қорытынды шығаруы тиіс

11 қазан күні өткен кеңейтілген Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік атқарушы органдар жұмысындағы бірқатар кемшіліктерді ашып көрсетіп, сын тезіне салған еді. Содан бері үш аптадай уақыт өткеніне қарамастан осы сыннан қорытынды шығаруда жайбасарлықтың бар екені де сезіледі. Негізінде мемлекет қазір даму бағытындағы жұмыстардан, әлеуметтік мәні бар істерден қаржыны аяп жатқан жоқ. Бірақ, сол қаржыны ұқыптап жұмсау мәселесінде, тиімді жұмыс атқарып, оны ел игілігіне айналдыруда «әттеген-ай» дейтіндей олқылықтарымыз аз емес екен. Бірді екі ететіндей адалдық пен ептіліктің, қатаң талап қоя білушіліктің жетпей отырғаны сезіледі. «Егемен Қазақстанның» ел ортасында жүрген тілшілерінен түскен бірқатар мақалалар легі осыны растайды.

Иә, Үкімет пен оның жергілікті жердегі атқару­шы билік органдарының жұмысында іркілістер мен кемшіліктердің бар екені байқалып-ақ отыр. Төмендегі мақалалар соның бір дәлелі.

МИНИСТРЛЕР МӘСЕЛЕ ШЕШЕ АЛМАСА, НЕГЕ ОТЫР?

Қазақстан министрлері нақты бір мәселені шешуге келгенде, өте шабан қимылдайды. Олар алдарына қойылған қандай да бір мәселені шұқшиып «май шаммен» қарауға бейіл келеді. Неге? Бұл Үкіметтің жұмысының тиімділігін жоққа шығарады.

Осы орайда Еуропа және адам құқықтары сараптама институтының директоры Марат Башимов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында жоғары лауазымды шенеуніктердің бірде-бір маңызды мәселені өз беттерінше шеше алмайтындарын қатты сынға алды. Біздегі шаруасы шалқыған шаруаның бәрі оған Мемлекет басшысы араласқаннан кейін ғана өзінің орайын табады. Танымал сарапшыны Елбасының зейнетақы реформасын жүргізу мен ауыс-артық дүниелерге салық енгізу жайына араласуы­на тура келгенін мысал етеді. Ол сондай-ақ, Кеден одағы аясын­дағы мемлекеттердің өзара тең­сіздігі мәселесін де ең алдымен Министрлер Ка­бинеті емес, тікелей Нұрсұлтан На­зар­баевтың өзі көтергенін алға тартады.

«Аталмыш мәселе бойынша тұтас бір министрлік жұмыс істеп отырды ғой. Сонда олар қайда қараған? Ал еуразиялық интеграция қағидаттары іс жүзінде барлық жағынан тең болуы керек екенін, айталық, кедендік кеңістікте капитал мен тауар, қызмет көрсету мен жұмыс күші қозғалысының еркіндігі бірдей болуы керектігін, онда теңдік қағидасының бірінші кезекке қойылатынын бұлар білмеген бе?» – деп қайран қалады М.Башимов.

Заңгер, сонымен қатар, ми­нистрліктердің алдарына қойыла­тын қандай бір міндеттердің де шешілуі сағыздай созылып, ұзаққа кететініне реніш білдірді. Олардың қызметтерінде мәселені тез шешіп тастау, мақсатты жылдам жүзеге асыру, мүмкін болған нәрселердің бәрін жедел түрде қолға алу үрдістері жоқ.

«Біз, әлбетте, Үкіметтің жұ­мыс жасап жүргенін көріп отырмыз. Бірақ, жұмысы мардымсыз, – деді сарапшы сосын. – Бұл үшін, басқасын былай қойған­да, ол Президенттің өзінің нақ­ты міндеттер мен мақсаттар жүк­теген толымды тапсырмаларын орын­дауға келгенде, ырғалып-жырғалып жүріп алатынын айтсақ та жеткілікті. Ал уақыт пен міндет бұлайша алыстан толғап, жақыннан арбап, найқалып жүріп алуды көтермейді. Көп жағдайда Үкімет өзінің міндетін белгілі бір мәселе бойынша Елбасының алдында есеп берумен шектей салуға үйренген. Сонымен бәрі бітті. Иықтан бір жүк түсті. Енді келесі тапсырмаға дейін еркін тыныс алуға болады. Мұндағы бар психология осындай. Ал өзекті мәселе өкпесін сүйреткен күйі әлі оның соңынан қалмай келеді. Олар бұдан кейін де жалғасын таба беруі мүмкін. Сондықтан мұндай шаруалармен бір ай немесе белгілі бір кезеңде ғана емес, ұдайы айналыса беру керек. Өкінішке қарай, мұндай табандылық пен мұқияттылықты біз қазіргі Үкіметтен көріп отырған жоқпыз. Тегінде, халық та бәрінен тым қара жаяу, әсіремақұрым емес, осының бәрін електен өткізіп, байқап жүр. Айналып келгенде, мұның баршасы ел тұрғындарының Үкімет жұмысына деген сеніміне селкеу түсіре береді».

Белгілі заңгер-сарапшының мемлекеттік сатып алу мәселесінде де айтары баршылық екен. Ол мұны көлеңкелі экономиканың ең бас­ты «күл-қоқысы» ретін­де бағалады. Айтуынша, шенеу­нік­тер өз есептерінде көп жағ­дайда қаржы игерілмеуінің бас­ты себептері ретінде әкімшілік процедураларының тым созылып кетуі мен кейінге қалдырылуын атап көрсетеді.

«Олай болса, заң жобасына нақты норма енгізіңіздер де, өнім келтіруші қаңтардан бас­тап жұмыс істей бастауы үшін мемлекеттік сатып алу тендерін қараша-желтоқсанда өткізіңіздер», – дейді заңгер осыған орай.

М.Башимов көптеген мемле­кеттік қызметкерлердің тендер өтінімдеріне өз қолдарын қоюдан қашатындарын да ауызға алды. Сарапшының пікірінше, мұның бәрі шенеуніктің мемлекеттік сатып алу үшін жауаптылықты өз мойнына алғылары келмейтінінен туындап отыр. Сондықтан олар бұл міндетті өзінің орынбасарларына немесе белгілі бір құрылымдардың басшыларына ысыра салады.

«Енді бірінші басшының жауап­кершіліктен құтылып кету мәселесіне келсек, жалпы, олар­дың барлығы дерлік тендерлік өті­німдерге жетекші болғылары кел­мейді. Бұл жерде олар басқаның қолы­мен от көсегілері келеді. Ал Мем­лекет басшысы осыған орай не деп тапсырып еді? Елбасы әкімдер мен орталық мемлекеттік органдардың басшыларына тендерлік комиссияларды өздері басқарып, олардың ауқымды көлемдегі мемлекет қаражатын шығындауға байланыс­ты жұмыстары үшін толықтай жауапкершілік алуын тапсырды. Меніңше, бұл – өте дұрыс берілген ескертпе!», – деп сөзін түйіндеді сарапшы.

Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар