Өскеменде полицейлер "адам өлтіруге оқталды" деген күдікпен 25 жастағы азаматты ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 қыркүйекте Космический көшесінің бойындағы бір дүкеннің жанында белгісіз азамат 42 жастағы қала тұрынына пышақ жарақатын салған. Аса ауыр қылмысты ашу мақсатында тәжірибелі қызметкерлер қатарынан жедел-тергеу тобы құрылып, күдіктіні көп ұзамай қолға түсірген.
"Сауатты жоспарланған тергеу жұмысы мен криминалдық полиция қызметкерлері өткізген жедел-іздестурі іс-шараларының нәтижесінде қаскүнем ұсталды. Ол осының алдында бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған", - дейді облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Елдос Закимов.
Қазіргі уақытта істің мән-жайы анықталуда. Қылмыстық кодекстің 24-б. 3-б, 99 б. 1-б «Адам өлтіруге оқталу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.