• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Қыркүйек, 2020

Атырауда пәтерін заңсыз жалға бергендер анықталды

1020 рет
көрсетілді

«Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері жалға берілген  778 пәтерге тексеру жүргізді. Нәтижесінде 67 баспананың заңсыз жалға берілгені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бұл пәтерлердің иелері заңды бұзды. Өйткені олар жалдау құнынан салық төлеген жоқ. Анықталған фактілерге қатысты толтырылған хаттамалар облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне жолданды» деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.