• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 21 Қыркүйек, 2020

Ыдырысов атындағы дәрісхана

440 рет
көрсетілді

Зерделі зерттеуші, қазақ журналистерінің талай буынын тәрбиелеген ұлағатты ұстаздардың бірі, журналист-жазушы, тарихшы Ә. Ыдырысовтың туғанына 90 жыл толуына орай Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Журналистика факультеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен «Бұқаралық ақпарат құралдарын және баспа өнімдерін безендіру өнерінің қазіргі мәселелері» тақырыбында халықаралық конференция өтті.

Шараға қатысқан универси­тет ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, Қазақстанның Ұлыбританияда­ғы Төтенше және Өкілетті ел­ші­сі, ғалымның ұлы Ерлан Ыды­рысов пен қызы Құралай Әбіл­файызқызы, Журналистика фа­куль­тетінің деканы Сағатбек Ме­деубек және зиялы қауым өкіл­дері Ә.Ыдырысов атындағы оқу-өндірістік дәрісхананың ашылу рәсіміне қатысып, қайраткер шығармашылығына қатысты құн­ды құжаттармен танысты.

Конференцияның ашылу салтанатында әл-Фараби атындағы Қа­зақ ұлттық университетінің рек­торы Ғалымқайыр Мұтанов кіріспе сөз сөйлеп, Әбілфайыз Ыды­рысовтай тұлғаның қазақ жур­налистикасының дамуына қос­қан сүбелі еңбектеріне тоқта­лып өтті.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әбілфайыз Ыдырысов «Қазақстан пионері» газеті редакциясында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редакторы «Лениншіл жас» газетінде жауап­ты хатшы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде аға оқытушы, доцент, профессор болып еңбек етті. Осы жылдар ішінде оның қаламынан шыққан сегіз жүзден астам публицистикалық мақала, очерктерін, газет безен­діру, полиграфия ісіне арнаса, мақа­лаларды өңдеу және редакциялау шеберлігіне байланысты «Қазақ журналистикасының тарихы», «Очерк журналистика жанры ретінде», «Баспа өнімдерін әсемдеу», тағы басқа да әдісте­ме­лік құралдары мен оқулықтары бүгінде қазақ журналистикасы­ның шеберханасында жоғары сұра­нысқа ие еңбектер қатарында аталады. Ал М.Әуезов туралы «Әуезовке іңкәрлік» деген ғы­лыми-эссе кітабы, «Ахаң мен «Қазақ» газеті жайлы ақи­қат», «Адамзат мәдениетінің өрке­ні», «Қарақайлыны билеген қа­­зақтар», «Қазақтың атта­ры бей­мә­лім патшалары, баспа­гер­лері», «Skun ка­сак-көсем қазақ», «Терең та­рихтың өшпес ізі» зерт­­теулері де ғылыми ортаға ке­ңі­нен мәлім. Профессордың шы­ғар­машы­лы­ғындағы «Берік», «Айжан­ның ғашығы», «Аңсаған ме­нің әнімсің», «Ақсүйек», «Кер бұзау­дың өлімі» повестерін, «Таң­шолпан» романы әдебиетімізге қосылған сүбелі еңбектері қата­рында аталады.

«Ұлы Мұхтар Әуезовтің көзін көрген, Тауман Амандосовтың өзі «Алтай» деп еркелеткен, Темірбек Қожакеевтің үзеңгілесі болған дара тұлға» деген тір­кес­термен есімі өрілетін ғалымның шә­кірттері осы конференция аясында сөз алып, ғалымның ұс­таздық жылдарымен байланыс­ты естеліктерімен бөлісті. Олардың қатарында ақын, Қазақстан Жа­зу­шылар одағы төрағасының орын­басары, ф.ғ.д., профессор Бауыржан Жақып, жазушы, бас­пагер, журналист Ырым Кенен­баев, «Қазақстан РТРК» АҚ бас­қарма төрағасының кеңесшісі Нұр­тілеу Иманғалиұлы т.б. бар.

Басқосу ҚазҰУ Телерадио­кешені дайындаған Әбілфайыз Ыды­рысов туралы деректі фильм­мен жалғасын тапты. Халық­аралық конференция әрі қарай Ә. Ыдырысовтың өмірімен, шы­ғармашылығымен байланысты ша­раларға ұласып, ғалым тура­лы кітаптардың тұсаукесері өтті. Конференция соңына қарай ға­лымның ұлы Ерлан Ыдырысов фа­культеттің үздік студенттеріне ар­найы шәкіртақы табыс етті.