22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сейсенбі күні, 22 қыркүйекте, сағат 09:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібінде: Егін жинау жұмысының барысы;
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері. Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.KZ, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, "ВКонтакте" әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.