Құрық ауылы әкімі аппаратының қолдауымен Қарақия аудандық полиция бөліміне 5 планшет және 5 термопринтер тарту етілді. Бұл туралы Құрық ауылының әкімі Ғабит Салихов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
- Планшет және термопринтер - бүгінгі полиция қызметкерлерінің жұмысына өте қажетті құрал. Бұрын полиция қызметкерлері хаттамаларды қағаз жүзінде толтырып, оны тіркеп жүргізушінің және өзінің уақытын алатын болса, планшет пайда болғалы электрондық хаттама толтырып, уақытты азайтты. Оған небәрі 10-15 минут жұмсайды. Нәтижесінде жүргізушінің қолында хаттаманың қағаз көшірмесі қалады. Оны полицейлер арнайы мобильді термопринтерде басып шығарып береді. Осындай заманауи жүйелерді қолдану полицейлердің азаматтармен байланыс уақытын азайтуға, жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыруға мүмкіндік берді, деді ол.