• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Қыркүйек, 2020

Ұялы телефон іздеген "полицей" құрықталды

275 рет
көрсетілді

Семей қалалық полиция бөліміне 47 жастағы әйел арызданып, жалған полицейге алданып қалғанын айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азаматша өзінің Фархат есімді танысына "OРРО" ұялы телефоны жоғалтып алғанын әңгімелеп берген. Танысы өзінің полиция қызметкері екенін айтып, аз уақыт ішінде жоғалған ұялы телефонды табуға уәде еткен. Тек бұл қызмет түрін жалған полицей 7 мың теңгеге бағалаған. Сенген әйел сұрағанын қолына ұстатқан. Ақысын алған таныс жігіт әйел адамның телефон қоңырауына жауап бермеген, кездесулерден қашқақтаған.

-   Жедел-іздестіру шаралары кезінде полиция қызметкерлері күдікті ретінде  бұрын сотталған, жұмыс істемейтін 23-жасар қала тұрғынын ұстады. Жауап алу кезінде ол кінәсін толықтай мойындап, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсағанын түсіндірген, - деп атап өтті Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев.

Тергеу кезінде анықталғандай, күдікті ер адам құқық қорғау органдарына  ешқандай қатысы жоқ болып шыққан. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Шығыс Қазақстан облысы