• RUB:
    5.28
  • USD:
    481.63
  • EUR:
    534.46
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Қыркүйек, 2020

Ливандағы қазақстандық бітімгерлер марапатталды

398 рет
көрсетілді

Үнді бітімгерлік батальонының командирі тамыз айындағы жұмыстарын қорытындылап, Ливан Республикасындағы қазақстандық бітімгерлердің қызметіне оң баға берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жауынгерлік және бітімгершілік даярлық бойынша үздік көрсеткіш, жоғары әскери тәртібі үшін ол "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының 44736 әскери бөлімінің әскери қызметшісі аға сержант Вячеслав, Моорға бағалы сыйлық тарту етті.

4-ші жиынтық бітімгершілік рота ағымдағы жылғы бірінші тамызда Үнді бітімгершілік батальоны құрамындағы миссияны орындауға кірісті. Оған Қазақстанның түрлі әскери бөлімдерінен үздік 120 офицер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер кірді.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық бітімгерлер Ливанда бір жарым жыл болды. Қазақстандық бітімгерлердің екінші тобы Ливанға 20 тамызда аттанды. Ливандағы бітімгерлік миссиясына қатысатын қазақстандық сарбаздар Үндістан батальоны құрамында болады.

Соңғы жаңалықтар