Осыдан үш жыл бұрын Лондондағы қоймадан құны 3,2 миллион доллар тұратын 200-ге жуық құнды кітаптар жоғалған болатын. Енді сол ұрланған кітаптар Румынияның солтүстік-шығысындағы Нямц ауылдық жеріндегі үйдің еденінің астынан табылды.
Құпия орынға XVI-XVII ғасырларға жататын Данте суреттерінің сирек нұсқалары мен испан суретшісі Франиско де Гояның эскиздері, сонымен қатар Галилей мен Исаак Ньютонның қолжазбалары жасырылған.
«Бұл кітаптар айрықша құнды, оның үстіне халықаралық мәдени мұра үшін аса зор маңызға ие», дейді Лондонның қылмыспен күрес жөніндегі басқармасының офицері Энди Дарем. Айта кетейік, жұмыстар Лас-Вегаста өтетін кітап аукционына тасымалданар алдында қоймада сақталып, тиеуге бір сағат қалғанда ұрланған еді.
Лондон полициясының мәлімдемесінде айтылғандай, қылмыстық топ күллі Ұлыбританияның қымбат қоймаларынан жасалған ұрлықтар сериясы үшін жауапты. Бұл қылмыстар Клампару қылмыстық кланының құрамына кіретін бірқатар атышулы румындық криминалдық отбасылармен байланысты екен.