• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
05 Қараша, 2013

Ресей өзін лаңкестерден жаңа заң арқылы қорғамақ

263 рет
көрсетілді

Ресей президенті Владимир Путин терроршыларға қарсы қолданылатын талабы қатал заңға қол қойды. Бұл туралы «Интерновости. ру» порталы хабарлады.

Аталған жаңа заң бойынша енді лаңкестердің туған-туыстары да белгілі бір деңгейде жауапкершілік қамытын кимек. Нақтысын айтқанда, лаңкестік әрекет жасаған адамдардың туған-туыстары оқиға себептерінен болған материалдық және моральдық шығынды өтеуге жаңа заң негізінде міндеттелмек. Бұдан бөлек, жаңа заң терроршылардың ағайындары мен достарының дүние-мүлкін тәркілеуге жол ашып отыр.

Сондай-ақ, аталған заң бойынша лаңкестік топ құрушылар 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылады, оның үстіне, 1 миллион рубль көлемінде айыппұл төлейді. Ал лаңкестік әрекеттер жасау үшін арнайы жаттығудан өткендер 10 жылға дейін түрмеде отырады әрі 500 мың рубль айыппұл төлейді.

Бұл заңды шетелдік сарапшылар қатты сынға ала бастады. Олар осы заң арқылы Кремль Кавказды және өзге де шет аймақтарды «тұншықтырып» ұстауды көздейді деп есептеуде.

Кейбір сарапшылар Путиннің бұл әрекетін Сочи Олимпиадасы қарсаңында тәртіпті күшейтудің амалы деп санайды.

Жолдыбай Базар.

 

Соңғы жаңалықтар