• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Қыркүйек, 2020

Атырауда бір топ азамат мерекелік медальмен марапатталды

837 рет
көрсетілді

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов бір топ азаматқа "Қазақстан халқы Ассамблеясына – 25 жыл" мерекелік медалін табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz

"Бұдан 25 жыл бұрын этносаралық қатынасты үйлесімді ету үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған болатын. Ассамблея конституциялық мәртебеге ие болды. Қазір Қазақстан халқы Ассамблеясы – еліміздегі этностар өкілдерін бір шаңырақ астына топтастыратын құрылым. Осындай мықты институтты қрудың нәтижесінде еліміз  бейбітшіліктің бесігі, ырыс пен ынтымақтың мекеніне айналды", деді облыс әкімі Махамбет  Досмұхамбетов.

ҚР Президентінің Жарлығымен "Қазақстан халқы Ассамблеясына – 25 жыл" мерекелік медалімен марапатталғандардың арасында қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ-тың өкілдері бар.