• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
05 Қараша, 2013

Гарри Каспаров Латвияның азаматтығын сұрады

223 рет
көрсетілді

Шахматтан әлемнің экс-чемпионы Гарри Каспаров азаматтық алу өтінішімен Латвия сейміне, яғни парламентіне өтініш жасады. Бұл туралы «Росбалт» агенттігі хабарлады.

Ақпарат құралының мәлімдеуінше, Каспаров сонымен қатар Ресей азаматтығын да сақтап қалғысы келетінін айтты. Мұны ол Латвия сеймінің ерекше еңбек сіңірген кісілерге мұндай артықшылық беруге құқығы бар екеніне арқа сүйей отырып өтінген сияқты.

Биылғы жылғы маусым айында Гарри Каспаров Женевада Ресей билігі тарапынан болатын қуғыннан қорқып, елге оралудан бас тартып отырғандығын мәлімдеген еді.

«Саяси белсенділердің қызметтеріне тексерудің жалғасуы маған да тиетіндігі түсінікті. Менің Мәскеуге оралғаннан кейін қайта кері шыға алатындығыма сенімім аз. Сондықтан да біраз уақыт Ресейге оралудан бас тарта тұрамын», - деген-ді ол.

Сәкен Майлыбай.

Соңғы жаңалықтар