• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Қыркүйек, 2020

Шығыс Қазақстанда қазына қаржысы жымқырылған

424 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында Экономикалық тергеу департаменті "Қазына" жедел алдын алу іс-шарасын жүргізіп, бюджеттен қаражат жымқыру фактілерін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаржы мониторингі комитеті мамандарынының хабарлауынша, Глубокое ауданында ЖШС директоры азаматтарды жұмысқа орналастыру және жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге көшіру бойынша жалған деректер ұсынып, 6,8 млн теңге сомасында бюджет ақшасын ұрлаған. Шындығына келгенде бағдарламаға қатысушылар іс жүзінде облыс аумағында тұрмаған.

Сонымен қатар, Ұлан ауданында 13,4 млн теңге сомасында ақша ұрлау фактісі анықталды.

Жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша ҚР ҚК 189-бабы (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу) және 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.