Төтенше жағдай департаменті басшысының орынбасары Ризабек Қабылбековтың айтуынша, облыста жазғы шомылу маусымында 18 адам суға кеткен. Көз жұмғандардың ішінде алты адамның өзенге мас күйінде түскені анықталып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сондай-ақ, өздерімен бірге құтқару құралын алмай балық аулауға шыққан 4 адам суға батып көз жұмған. Ал 5 адам шамадан тыс алысқа жүзіп барып, күші сарқылып кері қайта алмай су астында қалған. Өкінішке қарай, ересек адамдардың салғырттығынан 3 бала суға батып кеткен. Аталған қайғылы оқиғаның барлығы да шомылуға рұқсат етілмеген су қоймаларында орын алып отыр.
- Біз 2638 рейд жүргізіп, демалушылар мен балықшыларға ескертпе нұсқау бердік. Әкімдікпен бірлесе отырып, су жағалауларына «Шомылуға тыйым салынады» деген 440 аншлаг орнаттық. Рейд шаралары барысында 77 адамға ескерту берілді. Су жағасында спирттік ішімдік ішкен жүзден астам тұрғынға 800 мыңға жуық айыппұл салынды, деді Ризабек Қабылбеков.
Қостанай облысы