• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
05 Қараша, 2013

Әлем қазыналары қазақша хрестоматия болып шығады

362 рет
көрсетілді

Мәдениет және ақпарат министрлігінің тіл комитеті «Мектеп бағдарламасына енген және қазақ тіліне аударылған әлем әдебиеті классикасының аудио-хрестоматиясы» жобасын таныстырады. Бұл туралы BNews.kz тілшісі хабарлады. Басты мақсат ақпараттық кеңістікте мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тұрғындарға қазақ және әлем әдебиеті авторларының шығармаларына қолжетімділігін кеңінен насихаттау, сондай-ақ БАҚ-тар арқылы оқырмандарға аудио-хрестоматияның жарыққа шығуын кеңінен жария ету болып отыр. Жоба оқырмандардың тіл байлығын жетілдіру, қазақ халқының әдеби мұрасын жүйелі түрде түсіндіру және әлем әдебиетінің үздік нұсқаларымен таныстыру, кейінгі толқын жастарды патриотизмге, көркемділікке, іскерлік сапа, адами құндылыққа және ізгілікке тәрбиелеуді алдына міндет етіп алады. Сонымен қатар, ғаламтор қайнаркөздері жастарға әсіресе оқушыларға көркем шығармалардың аудио нұсқасын өз бетімен зерделеуіне үйретеді. «Аудио-хрестоматия мектепке дейінгі балаларға, қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдеріне және көпшілікке арналған. Жоба Тіл комитетінің til.gov.kz сайтына орналастырылады»,-делінген баспасөз хабарламасында. Мұрат Айтқожа.  
Соңғы жаңалықтар