• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
05 Қараша, 2013

Нобель сыйлығының иегері жүлдесін отандастары қажетіне жаратты

272 рет
көрсетілді

Жақында ғана Нобель сыйлығына ие болған йемендік Таваккул Карман атты бойжеткен жүлдесін 2011 жылы осы елде орын алған революциядан зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына таратып берді. Бұл туралы muslim.kz хабарлады.

«Мен бұл сәтті өзіме ең құнды нәрсені садақа ету үшін күттім»,- деп жазыпты Таваккул Кармен өзінің «Фейсбук»-тегі парақшасында.

Ол барлық қаражатты Сананың мәдени орталығында «Революция кезінде жарақат алғандар мен қаза тапқандардың отбасына көмектесу қорына» тапсырды.

2011 жылғы Йемендегі революцияның басы-қасында жүрген Карман алғашқы күндері-ақ тұтқындалған болатын. Ол жастар қозғалысының көрнекті тұлғасына айналды. Қайсар бойжеткен елді отыз жыл бойы билеп-төстеген Салех отбасын биліктен кетуін талап етті. Өзінің осы қайырымдылық шарасын әділдік пен еркіндік үшін құрбан болған жастар алдындағы борышым деп білген қайсар қыздың бұл ісін ерлікке балағандар да баршылық.

Сәкен Майлыбай.

Соңғы жаңалықтар