Ресейдің Тверская облысында Су-30 жойғыш ұшағы жоспарлы оқу-жаттығу ұшуын өткізу кезінде апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
"22 қыркүйекте Тверская облысында жоспарлы оқу-жаттығу ұшуын өткізу кезінде Батыс әскери округінің Су-30 ұшағы апатқа ұшырады. Экипаж аман-есен шығып, қонғаннан кейін ұшқыштар байланысқа шықты", делінген хабарламада.
Округтің мәліметінше, қазір экипаж мүшелері аэродромға эвакуацияланған. Оқиғаның себептері мен оның мән-жайын анықтау үшін апат орнына Батыс әскери округінің комиссиясы жіберілді.