• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
05 Қараша, 2013

Инновация жобаларын тұралатқан басшылар жазаға тартылады

213 рет
көрсетілді

Бірқатар өңірлер еліміздің Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы мен Индустрияландыру картасы бойынша жұмыстарды әлсіретіп жіберді. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлімдеді.

Министрдің атап өтуінше, аталған бағыттағы жұмыстар Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Атырау облыстарында нашар, ал Қарағанды мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында бірқатар проблемалы жобалар бар.

«Серік Нығметұлы осыған байланысты мен Ақмола, Атырау, Солүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары әкімдердің бағдарламаға жетекшілік ететін орынбасарларына, сонымен қатар Өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармаларының бастықтарына тәртіптік жаза шарасын қабылдауды тапсырдым», - деді ол.

Сондай-ақ Ә.Исекешевтің сөзіне қарағанда, «Қазавиаспектр» жобасы бойынша «ҚазАгро» төрағасының орынбасары Матажанов, Балқаш СЭС-ін жүзеге асыру бойынша «Самұрық-Энерго» вице-президенті Оспанов сөгіс алатын болады.

Сәкен Майлыбай.

Соңғы жаңалықтар