• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Медицина 23 Қыркүйек, 2020

Алматыда дәрігерлер үйлену тойлары мен жерлеу рәсімдерінен бас тартуға шақырады

712 рет
көрсетілді

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-сұхбат барысында №24 қалалық емхананың бас дәрігері Жәмила Баттақова тұрғындарды салтанатты іс-шараларға баруды шектеуге және алдын алу шараларын сақтауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz

"Үйлену тойларына, басқа да салтанатты іс-шараларға, жерлеу рәсімдеріне баруды шектеп, адамдар көп жиналатын жерден аулақ болуы керек. Әлеуметтік қашықтықты сақтау маңызды", деді ол.

Сондай-ақ дәрігер жеке гигиена шараларын сақтаудың, бөлмені желдетудің және ең бастысы маска тағудың маңыздылығын атап өтеді.

"Алдын алудың ең тиімді әдісі-маска тағу. Бұл жұқпалы ауру. Сондай-ақ, жеке гигиена шараларын сақтау, үйді, ғимаратты желдету, қолды үнемі жуу", деп толықтырды.

Сонымен қатар дене қызу көтеріліп, жөтел, тыныс алудың қиындауы, ентігу, иіс пен дәм жоғалту, жалпы әлсіздік сияқты белгілер пайда болған кезде дәрігер дереу медициналық көмекке жүгінуді ұсынады. Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-сұхбат барысында №24 қалалық емхананың бас дәрігері Жәмила Баттақова тұрғындарды салтанатты іс-шараларға баруды шектеуге және алдын алу шараларын сақтауға шақырды.

"Үйлену тойларына, басқа да салтанатты іс-шараларға, жерлеу рәсімдеріне баруды шектеу керек. Адамдар көп жиналатын жерден аулақ болу керек. Әлеуметтік қашықтықты сақтау маңызды", дейді Жәмила Баттақова.