• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Қыркүйек, 2020

Қашықтан оқытуға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді

82 рет
көрсетілді

Агенттік жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алу саласының жемқорлыққа қарсы мониторингі жемқорлық көріністеріне жол бермеуге және бюджет қаражатын тиімді жұмсауға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен тікелей жұмыс істеуі арқылы мемлекеттің 7,7 млрд теңгеге жуық тиімсіз шығындарының алдын алып, жоспарлау сатысында 1,5 мың тапсырыс берушінің бюджеттері оңтайландырылды.

Білім және ғылым министрлігінің жергілікті атқарушы органдардың оқушыларды қашықтықтан оқытуға арналған компьютерлер, ноутбуктер мен планшеттер сатып алуын сүйемелдеу туралы өтініші – жүргізіліп жатқан жұмыс тиімділігінің көрсеткіші. Техника әлеуметтік осал санаттағы оқушылардың уақытша пайдалануына арналған.

Бұл мақсатқа Үкімет қорынан 70 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.

Қоғамдық бақылау аясында бөлінген қаражатты бөлу жөніндегі комиссиялардың жұмысына "Адалдық алаңы" өңірлік жобалық кеңселерінің, арнайы мониторингтік топтарының және Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің өкілдері енді.

"Баға-сапа" арақатынасы қағидаты бойынша ұйымдастыру техникасының әлеуетті жеткізушілерінің баға ұсыныстарын іріктеу арқылы бірлескен күш-жігермен шамамен 3,6 млрд теңге үнемделді.

Агенттік Білім және ғылым министрлігінің бастамасын жоғары бағалайды, сондай-ақ мұндай тәжірибені басқа мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолдануын құптайды.

Сатып алу жүйесінің ашықтығын арттыру, қоғамдық бақылауды күшейту мәселелеріндегі сындарлы ынтымақтастық – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдын алу қызметінің негізі.