• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
06 Қараша, 2013

Қазақстанның 9 ауыр атлеті допингпен ұсталды

289 рет
көрсетілді

Еліміздің мақтаулы ауыр атлетика саласы нағыз масқараға ұшырады. Бұған Халықаралық ауыр атлетика федерациясының биылғы жарыстар бойынша допинг қолданғандары дәлелденген зілтеміршілер тізімін жариялағаны себеп болды. Сол тізімде Қазақстанның 9 атлетінің аттары аталды.

Шеңберге кірген спорт­шылардың бәрі 2 жылға барлық жарыстардан шет­тетіледі. Бұған қоса, олар допинг қолдану арқылы жеңіске жетті деп есептелген сайыстарда алған жүлделерін түгел кері қайтарып береді.

Тест жүргізу нәти­же­сі спортшылар қан­да­ры­­­нан дигидрохлорме­тил-тес­тостерон (Dehy­­droch­loromethyl- testosterone) және станозолол (Stanozolol) деген тыйым салынған дәрі-дәрмектер тапқан. Бұлардың арасында Азияның Астанада өткен соңғы чемпионатының ал­тын жүлдегерлері Алек­сандр Зайчиков пен Алек­сандра Аборнева, Біш­кек­те жасөспірімдер арасында өткен құрлық бірін­шілі­гінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері Максим Лок­тинов, Ерболат Жола­­манов, Әсем Сәрсекенова, Ға­лым­бек Жұбатқанов, Майра Фай­золлаева, Айдар Қазов бар.

Енді бұлардың бәрі 2014 жылы Астанада өтетін әлем чемпионатына қатыса алмайды. Осы арқылы 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиялық ойындарына лицензия беретін сайыстан қағылуы мүмкін.

Руслан ИГІЛІК.