• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Қыркүйек, 2020

Елік атқан браконьер ұсталды

349 рет
көрсетілді

Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері рейд кезінде Семей - Курчатов тас жолынан 45 шақырым жерде елік атқан күдіктіні қолға түсірген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полиция қызметкерлері Маралды ауылының шетіндегі орманнан мылтық атылғанын естіп, сол бағытқа бет алған. Бақылау барысында орман ішінен "Toyota Hilux" автокөлігінің шыққанын көрген.

Жол талғамайтын көліктің жүргізушісі полиция қызметкерлеріне бағынбастан жылдамдықты асырып, қаша жөнеледі. Алайда патрулдік автокөліктегі полиция экипажы олардың ізінен қалмайды. Нәтижесінде Семей қалалық Полиция бөлімінің қызметкерлері тосқауыл қойып, қолға түсіреді.

Автокөлікті қарау барысында жүк салғышынан жабайы аңның еті, қару оқтарымен, жарық-іздеуші түріндегі қосалқы құралдар және пышақ табылып,тәркіленген.

"Тергеу барысында елікті 40 жастағы Бородулиха ауданының жергілікті тұрғыны атқаны анықталды. Күдікті кінәсін толығымен мойындады. Қазіргі таңда осы факті бойынша ҚР ҚК 337 бабында қарастырылған қылмыс белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, сараптамалар тағайындалды. Аталған тұйақты жануар "Сібір елігі" екені нақтыланды", деді облыстық Полиция Департаментінің бастығы Сағат Мәдиев.

 

Шығыс Қазақстан облысы